Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде үш бірдей боксшымыз сәтті өнер көрсетіп, 2020 жылғы дүбірлі додаға жолдама жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтқанда, 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов ширек финалда таиландтық Вуттичай Массукпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевтен басым түсті.
Ал үшінші жолдаманы 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит иеленді. Жарысты ширек финалдан бастаған ол Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаевқа қарсы шығып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, үш бірдей боксшымыз 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.