Дүйсенбі күні мұнай бағасының арзандауы 1991 жылғы кезге жақын қалды. Ол кезде Парсы шығанағындағы соғыстан кейін шикізат бағасы 41 доллардан 17-ге дейін түсіп кеткен. 


    Bloomberg агенттігінің мәліметінше, ОПЕК+ келісімінің бұзылуына байланысты Сауд Арабиясы келесі айдан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10-12 млн баррелге дейін арттырып, мұнай бағасын төмендетпек. Қазір олар күніне 9,7 млн баррель мұнай өндіруде.
    Сауд Арабиясының бұл мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы бірден арзандап, Brent маркалы мұнай 31,3 долларға дейін құлдырады. Үш күн бұрын бір баррель мұнай 45,8 доллар көлемінде болған.
    ОПЕК+ келісімі бойынша Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін төмендетуге шақырған, алайда Ресей бұрынғы жағдайды сақтап қалуды қоштады.               Нәтижесінде келісімге қатысушы елдердің ешқайсысы сәуір айынан бастап мұнай өндіруді төмендетпейтін болды.
    Мұнай бағасының 31 долларға дейін түсіп кетуі Қазақстандағы шетелдік вальютаның қымбаттауына әкелді. Қазір ақша айырбастау орындарында доллар 392-402 теңге айналасында саудаланып жатыр.