Skip to content
Главная/ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ/«Жау нысаны деп қабылдаған». Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып құлату себебін түсіндірді.
«Жау нысаны деп қабылдаған». Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып құлату себебін түсіндірді.
Иран «Халықаралық Украина әуе жолдары» әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының Тегеран маңында апатқа ұшырауына «адамның қателігі» себеп болған. Бұл туралы Иран Қорғаныс күштері Бас штабының мәлімдемесінде айтылады, — деп хабарлайды РИА Новости.
Фото: jam-news.net
Бас штаб мәлімдемесінде ұшақ апаты АҚШ-тың Ирактағы зымыран соққылары жасалғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін болғанын атап өтті.
Соққыға жауап ретінде АҚШ тарапы қарсы жауап қайтыру мүмкін еді, себебі сол күні әуеде америкалық әскери ұшақтардың қарасы көбейген.
«Адами қателіктің салдарынан байқаусызда осы ұшақ атып түсіріліп, өкінішке орай отандастарымыз бен шетел азаматтары қаза болды», — делінген хабарламада. Мұны IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратты.
Сонымен қатар мәлімдемеде апат болған лайнер ұшу кезінде Ислам революциясы күзет корпусының маңызды әскери нысандарының біріне жақын жерде болғаны, сондай-ақ пішіні мен ұшу биіктігі жау нысанын еске салғаны айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін Иран бортында 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған Украинаның Boeing 737 ұшағын апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.
Share This Story, Choose Your Platform!
Оставить комментарий